«Балықшылар аллеясы» қайта жаңғыртудан өтті

427

0

Биыл теңізді өлкеде Арал ауданының 95 жылдығы тойлануда. Ауданның мерейтойына орай «Балықшылар» аллеясы қайта жаңғыртылып, тұрғандарға өз есігін ашты.

Қайта жаңғыртылған «Балықшылар аллеясында» биыл жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдар қойылып, шамшырақ(маяк) және шаңырақ іспетті арнайы арка орнатылды.

Бұл аллея Арал қаласы тұрғындарының мерекелік шараларда бас қосатын, демалыс уақытын өткізуге арналған саябақ болады.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<