Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болуы мүмкін

254

0

Қазақстан территориясының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, кей өңірлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде – тұман, жел күші 15-23 м/с болады.

Атырау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының Мұғаджар ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде – тұман, күндіз – жел күші 15-22 м/с болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<