Бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты

282

0

Сурет: turkystan.kz

Қарағанды облысында тағы бір ауыл тұрғындары ішімдіктен бас тартты. Аталған аймақта арақсыз өмір сүруге көшкен ауылдардың саны 12-ге жетті, деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Ақтоғай ауданы Абай ауылында 41 отбасы тұрады. Шағын елдімекеннің жұрты арақ-шарапты қоқыс жәшігіне лақтыру арқылы «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады. Ауыл тұрғындарының мақсаты – салауатты өмір салтына бет бұрып, маскүнемдікке салынған азаматтармен күресу. Тұрғындар той-тоймалақ, қуаныштарда дастархан басына арақ-шарап қоймайтын болып келісті.

Осыған дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы он ауыл осы акцияны бастап, соның арқасында дүкендер ащы суды сатуға арналған лицензиядан бас тартқан болатын.

«Ауылдастарымыз арақтан бас тартып жатқаны игі іс болды. Бас тартудың ең басты себебі – жас ұрпаққа имандылық тәрбиесін беру. Арақтың ешқандай да абырой әкелмейтнінін жақыс білеміз», – деді Абай ауылының тұрғыны Айтқадиша Айтжанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<