Бір күнде 600 баспана

3

0

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен сол жағалауда құрамында 10 үй бар тұрғын үй кешенін табыстау рәсімі өтті.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзе­нінің сол жағалауы – кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй саны жыл өткен сайын артып келеді. Осы аумақта заманауи ур­банистикалық шешімдер негі­зінде жайлы әрі қолайлы инфрақұрылым қалыптасып үлгерді.

Бүгінде сол жағалауда 169 нысан бар, 136 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, мыңдаған отбасы баспаналы болды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік және 13 бизнес нысаны жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта мұнда 47 құрылыс салы­нып жатыр. Оның 25-і – көпқабатты тұрғын үй, 20-сы – кәсіпкерлік нысан, бір аурухана және бір емхана. Тұрғындардың қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында Иса Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірін салу жоспарланған.

Бір күнде 600 баспана

Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты, мектеп, балабақша, сауда орындары халық сұранысына сай қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік үздіксіз қаты­найды. Кілті тапсырылған жаңа үйлерге қоныстанушылар да сол жағалау тұрғындары қатарын толықтырды.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшысы кейінгі жылдардағы ха­лық­тың тұрмыс сапасын арттыруға ба­ғытталған ауқымды жобаларды атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдын­да­ғы міндетіміз» деген болатын. Бүгін тұр­ғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге жалпы аумағы 33 мың шаршы метрден аса­тын 600 пәтердің кілтін табыстап отырмыз.

Тұрғын үй кешенінің аумағында екі футбол, төрт спорт және ойын алаңы, тынығу аймағы, 250 орындық автотұрақ және үш коммерциялық нысан орналасқан. Алдағы уақытта да шаһар келбетіне сән беретін заманауи тұрғын үйлер бой көтереді.

Меншікті баспана – тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңы­рақ­қа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін, – деді Мұрат Ергешбаев.

Облыс әкімі бұл жобалардың аймақ­тағы құры­лыс саласының әлеуетіне, құрылыс­шы­лар­­дың кәсіби деңгейіне оң ықпал еткенін жеткізді.

Қызылордадағы тұрғын үй құрылы­сының қарқынын өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық даму көрсеткіштерінен де, ай сайынғы осын­дай рәсімдер мен қоныс­тойлардан да байқауға болады. Бұл тұр­ғындарды баспана­мен қамту жұмыс­та­ры­ның бір жүйеге түскенін көрсетеді. Биыл­ тұрғын үй кезегіндегі аза­мат­тарға 2400 пәтер табыстау үшін бюджеттен 55 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Жиында Парламент Мәжілісінің депу­таты Мархабат Жайымбетұлы сөз сөйлеп, ел ағасы Имамадин Зәкірұлы батасын берді. Тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылыс­шылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«СБ» ақпарат