Бітіруші түлектерге диплом табысталды

581

0

Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 3084 түлек бітіруде. Біз үшін әр шәкірттің өмірден өз орнын тауып, қанаты қатаюы өте маңызды.

⠀Осы уақытқа дейін мыңдаған түлектің жарқын болашағына жолдама берген оқу ордамыз QS World University Rankings (WUR) халықаралық рейтинг агенттігінің талдауы бойынша тұңғыш рет әлемнің үздік университеттерінің қатарына кірді.

⠀Жыл сайын университетті таңдайтындар саны да артып келеді. 2022-2023 оқу жылында жалпы білім алушылар саны 10 мыңнан асты. Оның ішінде грант негізінде білім алатындар саны да көбейді.

⠀Ғылым мен технологияның дамуы қоғамда жаңа мамандық иелеріне сұраныс туғызуда. Сондықтан елімізге қажетті маман даярлау ісіне басымдық берудеміз. Білім алушылардың мықты маман, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы ерекше назарда.

–⠀Бітіруші түлектер, сіздерді Қазақстан Республикасындағы кәсіби білікті маман қатарын толықтыруларыңызбен құттықтаймын! Жігерлі, білімді адамдар жарқын болашаққа жол ашады. Талапты әрі батыл болыңыздар! ⠀Алдағы уақытта өздеріңіз білім алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен байланысты үзбей, оқу орнының мәртебесі биік болуына үлес қосады деп сенемін, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<