Биыл елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді

171

0

Биыл елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланып отыр. Осыған орай пилоттық жоба ретінде әр өңірдің бір аймағында санақ жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: 

  • ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;-  өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің 
  • бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
  • іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.

Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімдері: 

Ауыл шаруашылығы санағы  2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;

  • сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
  • санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<