Биыл киіктердің саны 62 400 басқа көбейді

207

0

Былтыр киіктердің саны 152 600 болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жыл сайын сәуір-мамыр айларында ғылыми қызметкерлермен бірігіп, әуе санақ жүргізетіндерін айтты.
«Экстраполяциялық жұмыстың қорытындысы бойынша жалпы санақтың есебі анықталады. Былтыр киіктердің саны 152 600 болса, биыл 215 100 басты құрады», – деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, ойларын жазды.
«Киік – киелі жануар. Автордың айтқысы келгені «киікті қыру арқылы көп қиындық көріп жүрмейік» дегені шығар. Түз тағысын аялап, қорғау əр қазақтың азаматтық борышы», – деп жазды Хафиз Искаков есімді әлеуметтік желі қолданушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<