БОЛАШАҚ ҰЖЫМЫ БОЛАШАҚҚА СЕНЕДІ

662

0

«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің ұжымымен кездесіп, конституциялық түзетулер жобасын талқылап, референдумды қолдауға шақырды.
Штаб мүшелерінің айтуынша, бұл науқан «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам. Өйткені, мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін құрайтын Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр.
«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев.
Университет ұжымымен кездесуге облыстық штаб мүшесі Гүлнара Есқалиева және қалалық штабтың мүшелері де қатысты.
Жиын барысында еңбек ұжымы алдағы күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысып, ел болашағы үшін таңдау жасауға баратындарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<