Бір күнде балық аулау қағидасын бұзған 10 адамды қолға түсірді

304

0

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бір тәуліктің ішінде балық аулау қағидасын бұзған 10 адамды қолға түсірді. Олардан 100 келіден астам балық тәркіленіп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш инспекцияның Арал ауданындағы мамандары бұл бағытта нақты істерді жүргізіп келеді. Балық аулау қағидаларының орындалу барысын қадағалайды. Өткен жылы осындай талаптарды орындамаған 384 дерек тіркелген. Үстіміздегі жылдың 5 айында ол 178 деректі құрап отыр. «Тыйым салынған уақытта рұқсат етілмеген аумақтан балық аулағандар жазаға тартылады. Оларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Біздің техникамызды жаңартуға көңіл бөлсе дейміз. теңізге лайықты қайықтар болғанын дұрыс», – деді облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Есенбай Есіркепов. Мамандардың айтуынша, сәуір мен маусым айының 10-на дейінгі аралық балықтың уылдырық шашатын мезгілі болғандықтан бұл кезеңде олар ерекше қорғауға алынады. Дегенмен, осы уақыт аралығында мамандар 42 заңсыз деректі тіркеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<