Былтыр автокөліктің VIP санатындағы нөмірінен 179 млн теңге пайда түсті

379

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында былтыр автокөліктің VIP санатындағы 674 мемлекеттік нөмір иесін тапты.

Былтыр аталған санаттағы 674 мемлекеттік нөмір рәсімделген. Нәтижесінде қазынаға 179 млн 411 мың теңге табыс түскен. Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген.

«Облыс тұрғындары VIP нөмірлер ішінде 077, 707 және 070 нөмірлеріне көп тапсырыс берген. Қызылорда облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде өткен жылы 36 мың 98 көлік құжаттары рәсімделген. Қазіргі таңда азаматтар көлік сатып алу және сату кезінде көбіне банк қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметке тапсырыс береді. Өткен жылы аталған банк қосымшасымен 20 мың 243 көлік құжаттары әзірленген», – деді «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Әбибуллаева.

Былтыр «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы 2 мың 300 адам көлік жүргізу куәлігін алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<