
Жалпы, «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының аймақтық кезеңіне 361 отбасы қатысқан. Айтулы байқау барысында Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылының атынан қатысқан Әбілқасымовтар отбасына «Өнегелі отбасы» номинациясы берілді. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Бас жүлде иегерлері ағымдағы жылы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады деп жоспарлануда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<