Дәстүрлі спартакиада басталды

912

0

Фото: Қалалық білім бөлімі

Қызылорда қаласының мұғалімдері оқушыларға тәрбие беріп қана қоймай, спорт саласында да шеберліктерін көрсететін болады.

Білім қызметкерлері арасындағы дәстүрлі қалалық спартакиада басталды. Сайысқа қалалық білім бөліміне қарасты 55 мектептің командалары және жеке мектептер қатысуда. Олар жыл бойына кіші футбол, шахмат, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі мен гір тасын көтеру сынды сындардан өтеді.

Ұстаздар бүгін «Тоғызқұмалақ» сайысы бойынша бақ сынасты. Мықтылар мамыр айында анықталатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<