Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып ресми түрде тіркелді

251

0

Сурет: ҚР ОСК

Ақпарат және қоғамдық даму экс-министрі Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болып ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 27 қыркүйекте Дархан Қуандықұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі жұмысына сәттілік тіледі.

Депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын баса айта кетелік.

26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Қыдырәліні ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<