Дарияға құлап кеткен кейуана құтқарылды

760

0

Қызылорда қаласында құтқарушылар балық аулап отырып, дарияға батып кете жаздаған 80 жастағы әйел кісіні аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға бүгін, 8 маусымда Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы аумақта болған. Сол уақытта 1942 жылы дүниеге келген азаматша балық аулап отырған. Бір затты алмақ болып төмен қарай еңкейген сәтінде дарияға құлап кеткен.

«Сол аумаққа жақын жерде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан болатын. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Бағдат Әлжанов пен құтқарушы бөлімше құтқарушысы Еркебұлан Оразбеков қарияның дарияға құлап кеткенін аңғарып, дереу оны құтқаруға ұмтылады. Қария дерек судан шығарылып, құтқарушылар оның өмірін сақтап қалды», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<