ДИМАШ — ТУРИЗМ ЕЛШІСІ

246

0

 Бүгінде ерекше мәнерлі әнші Димаш Құдайбергеннің есімі төрткүл дүниеге таралды. Нағыз елшіл азаматтар өзінің өрлеген атақ-даңқымен туған еліне қызмет етуге құштарланатыны дәлелді қажет етпесе керек. Өйткені, туған елдің қасиетінен биік ештеңе болмақ емес. Жақында ол ҚР Мәдениет және спорт министрі атынан «Қазақстан Республикасының туризм жөніндегі елшісі» мәрте­бесін иеленді.  
Оның құжатын  Ақтөбе қаласында әншінің «Димаштың Отаны» атты турға қатысушы 10 мемлекеттен келген топтардың жетекшілерімен  кездесу кезінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бас­қарма төрағасы Рашид Күзембаев табыстады.  
– Бір жарым ай бұрын футболист Месси әлем туриз­мінің елшісі атанды. Біз де Ди­машқа қазақстандық туризм елшісінің сертификатын ұсы­нып отырмыз. Ол өз елінің патриоты,– деді осы сәтте басқарма төрағасы.
Миллиондардың сүйіктісі болған «Барселона» ойын­шы­сы Лионель Месси әлем­дегі ең алғашқы Finney крип­тосмартфонын жасаумен айна­лысатын Sirin Labs ком­паниясының елшісі атанған еді.
Израильдік кәсіпкер­­­­лермен бірлесе оты­рып, қазақ­­стандық биз­несмен негі­зін қалаған компания биыл­дан бастап блокчейн техно­логия­сымен жұмыс істейтін  смарт­фондар   шығара бас­тайды.
Ал, Димаш Құдайберген туризм елшісі ретінде Қазақ­станды халық­аралық дең­гейде ілгерілетуді және әлемнің түкпір-түкпірінен өз тың­дармандарын елімізді көруге ша­қыруды белсенді түрде жалғастырады.
Ол өз концерттерінде және БАҚ көз­дерінде әрқашан фанат­тарын Қазақ­станға шақырып жүреді. Турдың идея­сы да осыдан шыққан. Ал маршрут құра­мына шетелде үнемі айтып жүретін ту­ған қаласы – Ақтөбе, елордамыз Ас­та­на және ең үлкен қаламыз Алматы кірді.
Жалпы тур әншінің балалығы, шығарма­шы­лығы­мен байланысты жерлерге баруды мақсат етеді. Тур маршруты әншінің  Ақтөбедегі мектебін көруді, артистің жақындары және туыстарымен түрлі кездесулерді, Димаштың ұстазы әрі Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімовтің шеберлік сабағы және тағы басқа шараларды қамтиды.
Ал осы турлардан түскен қаржының бір бөлігі келешекте әншінің  брендін әлемдік деңгейде одан әрі нығайтуға және өрлетуге бағытталады.

Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<