Дүр Оңғардағы дала дүбірі: Жаңажол серіктестігіндегі жаңа серпін

266

0

Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» ЖШС-нің күрішті алқабындағы күзгі науқан барысымен танысқан аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы серіктестіктің басшысына өнім сапасын төмендетіп алмау туралы және ақ күріштің атасы салған сүрлеумен жүрген сан жылғы еңбек тәжірибеңізбен бөлісіп, жас инвесторларға бағыт-бағдар көрсетіп отырсаңыз деген тілегін жеткізді.

Күріштің «Лидер» және «Сыр Сұлуы» сортына басымдық берген жаңажолдық шаруашылықтың биылғы жылғы жалпы егіс көлемі 4671 га болса, оның 3100 гектарына күріш, 290 гектарына жаздық бидай, сүрлем жүгері 34 гектарына орналастырылса, қант құмайы мен, көкөніс-бақшалығы 67 гектарды құрайды. Жаңа жоңышқаға 481 га , ескі жоңышқаға 699 га жер бөлінген. Күзгі егін жинау жұмыстары бойынша 1700 га күріш орылып, 1450 га бастырылды. Орта өнім әр гектарына 55,0 центнерден айналуда.

Сапар соңында аудан басшысы тірлігі дөңгеленіп, жұмысы жолға қойылған Жаңажол шаруашылығының күзгі қамбасына толымды табыстар тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<