Екі айда 155 мың қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

276

0

Фото: Pixabay

Биылғы екі айда Өзбекстанға 150 мыңнан астам қазақстандық турист барған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-ақпан аралығында бұл елге туристік мақсатта 974,2 мың шетелдік азамат келген.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда саяхатшылар саны 11,9%-ға көп.

Бұл ретте Өзбекстанға келген туристер көшін Тәжікстан (363,4 мың турист) бастап тұр.

Одан кейінгі орындарға 291,1 мың туристпен Қырғызстан және 155,9 мың саяхатшымен Қазақстан жайғасқан.

Еске салайық, былтыр 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<