Досына сыйлаған бұқасын мейрамхана төріне алып кірді

848

0

Қызылорда облысында өткен екі жастың үйлену тойында қонақтардың бірі атаған малын тойханаға алып келді, деп хабарлайды Экспресс К

Шиелі ауданында өткен тойдағы қызықты оқиға туралы бейнежазбаны Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдады.

Үйлену тойына келген күйеу жігіттің досы ақшасы болмағандықтан сыйлыққа мал атауды жөн көрген екен. Алайда ақжарқын дос «той үстінде жай ғана атай салсам, ел сөз күйінде қалды» деп даттайды деген оймен бұқашасын тойханаға алып кірді. Ол бұқаны жұрт көзінше досына тарту етіп, елді күлкіге де қарық қылған жайы бар. Алайда тойханаға малды алып кіргенін мейрамхана әкімшілігі байқамай қалған. Олар малды тек төрге алып шыққанда бір-ақ көрген. Әйтпесе рұқсат етпей қойғандай екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<