Елімізде 10 748 адам іздестіріліп жатыр

391

0

Сурет ашық дереккөзден

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазір 10 748 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 176-сы хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлады turkystan.kz.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
Алматы қаласы – 287;
Қарағанды облысы – 221;
Павлодар облысы – 170;
Алматы облысы – 167 тіркелген.
Көбіне 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалған (77%).
Үйден кетіп, оралмаған – 1 634 адам,
Автокөлікпен жоғалған – 74,
Жұмыстан шығып кеткен – 36.
Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестіріліп жатыр.
Іздеуде жүргендер негізінен – 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (514)
Астана қаласында (185)
Шымкент қаласында (155)
Алматы (143)
Қарағанды (140) облыстарында іздестіріліп жатыр.
«Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асыратынын еске саламыз», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<