Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр

398

0

Фото: ашық дереккөз

Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік («АлЭС» АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді. Энергетика министрлігі 37 ЖЭО-ның техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды тәуекел топтары бойынша санаттады және бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірледі. Мәселен қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді», – делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық – 1, Кентау – 1, Қызылорда – 1, Орал – 1, Степногорск – 1, Теміртау – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Шахтинск – 1, Риддер – 1, Рудный – 1, Балқаш – 1, Жезқазған – 1, Өскемен – 1, Петропавл – 1, Семей – 1, Екібастұз – 1, Тараз – 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы – 2, Павлодар – 1, Ақтау – 1, Қарағанды – 2, Текелі – 1, Шымкент – 1, Қостанай – 1, Атырау – 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы – 1, Орал – 1, Павлодар – 1, Астана – 1, Ақтөбе – 1, Астана – 1.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<