Елімізде ішкі туристер саны 8 млн адамнан асып, рекорд жаңарды

650

0

Қазақстанда ішкі туристер саны бойынша рекорд жаңартылды. 2022 жылғы көрсеткіштердің қорытындысына сай ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға көп. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ елімізде демалыс орындарының саны бірнеше жүзге артқаны да маңызды. Мәселен, былтыр туристерді орналастыруға арналған 284 жаңа орын тіркелген, еліміз бойынша олардың жалпы саны 4 мыңға жетті. Ал бір мезгілдегі сыйымдылық 10 мың бірлікке артып, 203 мыңнан астам төсек-орынды құрады.

«Бізге шетелдік қонақтарды тартумен қатар ішкі туризм көрсеткіштері де маңызды. Мысалы, елімізде бір жылдан астам уақыт бойы Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді, соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін ұшақ билеттері ұсынылады. Сондай-ақ, ел ішінде саяхаттайтын азаматтар үшін туристік кэшбек енгізу жоспарланып отыр. Біз қазірдің өзінде бар дестинациялар мен ішкі туризмге деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<