Еліміздің 7 өңіріндегі өзендерде су деңгейінің көтерілгені байқалады

417

0

Фото: Абай облысының әкімдігі

Еліміздің 7 өңіріндегі өзендерді су деңгейінің көтерілуі байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлады Қазақпарат.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның қар басқан аумағы 27 пайыз. Қазақстанның жазық аумағындағы өзендердің барлық бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі азайды. Ең үлкен су тасқындары Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерінің өзендерінен өтуде. Бірақ су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі әрі қауіпті белгілерден асуы байқалады», – деді ол.

Сонымен қатар министр Астана су қоймасына дейінгі Есіл өзенінің бассейн бөлігіне жеке тоқталды.

«Бүгінгі таңда ылғал қорының қалдықтары 53 млн текше метр. Қар жамылғысы Есіл өзенінің жоғарғы бассейнінің шағын аудандарында байқалады. Бұдан жерүсті ағыны айтарлықтай өспейді. Астана су қоймасына ағын 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында 90 және 150 млн текше метр аралығында болады болжанды», – деді Ерлан Нысанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<