Еліміздің басым бөлігінде қар жауады – 1 ақпанға ауа райы болжамы

220

0

1 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде түнде қар молынан түсетіні күтілуде. Тек оңтүстік және батыс өңірлерде күн жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік аудандарда Карск теңізі аумағынан суық ауа массаларының енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі болжанады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.
Атап айтқанда, Алматы облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ болады. Түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жел күтіледі, екпіні 23-28 м/с артады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі.  Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с екпінде жел болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 25 м/с күшеюі ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<