Еңбек нарығына жастар шығады

341

0

Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Олай болса елдің дамуы мен  өркендеуі тікелей бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігінде. Ал оларды тұрақты жұмыспен қамтуды мемлекет үйлестіруге тиіс. Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аудару қажеттігін айтты.  Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады екен. Бірақ жасалып жатқан жұмыстарға қарамастан жұмыссыздық мәселесі толық шешім таппай келетінін де сынады. Мәселен, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен жоғары. Бұл түйткілдің түйінін тарқатуды Президент Үкімет пен облыс әкімдеріне тапсырды.

Елдегі демографиялық өсімнің артуы екі мыңыншы жылдары байқалған. Осыған байланысты сол кезеңде дүниеге келген ұрпақтың еңбек нарығына шығатынын да ескеру керегін шегеледі.  Расымен өзіммен қатарлас құрдастардың еңбек нарығына ерте араласқанын білемін. Мемлекет басшысы жұмыспен қамту ісіне тың тәсілдер қолдану қажеттігін де ескертті. Жалпы Президенттің жастар мәселесіне байланысты айтқан орынды сыны мен тапсырмалары көңілден шықты. Біздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 процент болса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті азайту үшін нақты жұмыстар жасалады деп сенемін.

Докку Ильясов,

қала тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<