Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі

550

0

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы «Қаһарман» деген атпен түсірелетін телесериал қыркүйекте «Астана» арнасынан көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналарға сатып алуда. Сондай фильмнің бірі – қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін «Қаhарман» атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген – халық қаһарманы Асқар Забикулин туралы. Бас кейіпкері – өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке орай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллин», – деді министр. Министр Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездескенін атап өтті. Сонымен қатар Асқар Забикулиннің әйелі – Анель және қыздарымен әсерлі әңгіме болғанын айтты. Ведомство мәліметінше, телесериал қыркүйек айында «Астана» телеарнасында көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<