Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

294

0

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларға өмірлік серігін табуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосады. Бұл туралы F8 конференциясында компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-қа сілтеме жасап.

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз деп есептейді, сондықтан бұл жерде айналысатын ауқымды жұмыс бар. Жаңа функция нақты әрі ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі және бір түндік байланыстарға арналмаған», – деді Цукерберг.

Онлайн-танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады. Бұл туралы Facebook-тің бас маманы Крис Кокс мәлімдеді.

Facebook-тың жаңа функциясы әлеуметтік желілерде пайдаланушылар уақытын арттырып және бәсекелестер үшін маңызды мәселе болады.

Цукербергтің мәліметінен кейін Tinder онлайн-танысу қызметінің акциясы 18 пайызға азайып, ІАС шамамен 14 пайызға төмендеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<