Физика бойынша Нобель сыйлығын үш ғалым алды

459

0

Швеция Корольдігінің ғылым академиясы 2022 жыл үшін физика бойынша Нобель сыйлығын француз Ален Аспеге, америкалық Джон Ф.Клаузерге және австриялық физик Антон Цайлингерге беру шешімін қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл Нобель сыйлығы «шатысқан фотондармен эксперименттер, Белл теңсіздіктерін бұзу принципін белгілеу және кванттық ақпарат туралы ғылымды құрудағы біріншілік» үшін берілді», – деп түсіндірді Нобель комитеті өз шешімін.

Нобель сыйлығының ақшалай марапаты – 10 млн швед кронасы (шамамен 900 мың АҚШ доллары) 10 желтоқсанда табысталады. Айта кетейік, ақшалай марапат 1895 жылы қайтыс болған швед өнертапқышы Альфред Нобельдің өсиетімен құрылған қордан беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<