Футболдан премьер-лига: 17-тур ойындарының кестесі жарияланды

671

0

Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур 29 және 30 шілде күндері өтеді. Сенбіде 3 ойын болса, жексенбіге 2 кездесу белгіленген.

Бүгін сағат 19:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Астана» аталған турдың алғашқы ойынын өткізеді.

Ал 21:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы), 20:00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.

Ал 30 шілдеде 19:00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», 20:00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.

Аталған турдың 10 шілдеде алдын ала өткізілген ойынында «Оқжетпес» (Көкшетау) «Ордабасы» (Шымкент) командасына 0:4 есебімен жол берген еді.

Ал «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Конференция лигасында «Тобыл» сырт алаңда Швейцарияның «Базель» командасын жеңді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<