Гонконг білім беру университетімен халықаралық байланыс нығая түспек

673

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Гонконг білім беру университетінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Шетелдік оқу орнының өкілдері университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар айтылды. Атап айтсақ, бірлескен зерттеулер ұйымдастыру, оқытушы-профессорлардың біліктілігін арттыру бойынша қысқа мерзімді курстар оқыту, білім алушылардың алмасып оқуы жайлы екіжақты келісім мәселелері қарастырылды.

Жиынға Гонконг білім беру университетінің интернационалдандыру жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Ло Синг Кай, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканатының меңгерушісі Тереза Пун, магистратура деканатының сыртқы және жаһандық байланыстар жөніндегі бас маманы Файе Ванг, постдокторант Артем Задорожный және университеттің проректорлары, құрылым басшылары, профессор-оқытушылар қатысты.

Сонымен қатар, Гонконг білім беру университетінің интернационалдандыру жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Ло Синг Кай, постдокторант Артем Задорожный оқу ордамыздың білім алушыларына «Беделді шетелдік басылымдарда ағылшын тілінде мақалалар жариялау» атты дәріс жүргізді.

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<