Үгіт-бригада марапатталды

200

0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен қалалаық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға арналған «Рухани жаңғыру – тарих тағылымы» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы болып өтті.
 Облыс бойынша 7 команда қатысқан додада Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйі жанындағы «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы топ жарып, жүлделі І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар, Н.Қалыбаев жетекшілік жасайтын ұжым Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.