Халықаралық өнер фестивалінде топ жарды

448

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

«International Art Festival» халықаралық өнер фестивалі аясында Тараз қаласында өткен «SHASHU» шығармашылық байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрініп, жеті жүлдені қанжығалады.

Көпжанрлы өнер байқауына аспапта орындау жанры бойынша Нұрислам Төлеген Құрманғазының «Адай» күйімен «Бас жүлде», Алихан Талғатов Дәулеткерейдің «Түркімен» күйімен 1-орын, Темірлан Амантай И.Ысқақовтың «Күрішшілер биі» күйімен 2- орын және Қыдырәлі Жақсыбек Құрманғазының «Балбырауын» күйімен 2-орын иеленді.

Дәстүрлі орындауда «Молдабайдың» әнімен Сырсұңқар Базарбайұлы «Бас жүлде» жеңіп алса, вокалдан 7-сынып оқушысы Жантөре Серікбай 2-орынды қанжығалады. Хореография бөлімінде мектептің «Самға» бишілер ансамблі «Бас жүлдеге» қол жеткізді. Гран-при иегерлері мен 1-орын алған жеңімпаздар өнер фестивалінің сәуір айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<