Иіркөл ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

7

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

2026 жылғы 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес Шиелі ауданының Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес Ниязов Қанағат Ербайұлы Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев Иіркөл ауылдық округіне арнайы барып, қайта сайланған ауыл әкіміне сәттілік тілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Ниязов Қанағат Ербайұлы 1977 жылғы 7 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.

Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы бойынша кеден органдарында инспектор қызметінен бастап, кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, контрабандаға қарсы күрес және өткізу рәсімдерін мониторингтеу бағыттарында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2009–2010 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде Астана қаласында қызмет етті. Кейін Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында бөлім басшысы, кеден бекеті басшысының орынбасары, бас маман лауазымдарын абыроймен атқарды.

Кеден ісі, кедендік әкімшілендіру және құқық қорғау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман.

Отбасылы.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі