Экожүйені қалпына келтіру бойынша екі күндік конференция басталды

320

0

25-26 мамыр аралығында Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырумен су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі аймақтық жобасы аясында «Экспедиция және донорларды координациялау» тақырыбында конференция жұмысы басталды.

Конференцияға Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қызылорда қаласы әкімдігінің, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен қоса, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы сияқты донорлық қоғамдастықтың ресми өкілдері қатысуда.

Аталмыш конференцияның мақсаты Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндеріндегі ортақ су ресурстарын басқару саласындағы аймақтық әлеуетті нығайтуға және экологиялық қатерлердің алдын алып, олардың салдарын азайтуға бағытталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<