Экс-министр Ажар Ғиният қайда жүр

216

0

Фото: ҚР Үкіметі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғинияттың қайда екенін айтты, деп хабарлады Қазақпарат.

«Біз бағалы кадрларымызды далаға тастай алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесінде әкімшілік жұмыстар бойынша тәжірибесі орасан. Оның сол тәжірибесін пайдаланатынымыз сөзсіз», – деді ол білім саласына арналған алқа мәжілісінің алдында.

Бірақ министр әріптесінің нақты қандай лауазымға тағайындалатынын айтпады.

«Ажар Ғиниятқызының нақты қандай жұмысқа келетінін жуықта білесіздер. Нақты қандай лауазым болатыны әзірге белгісіз. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінде болатыны сөзсіз. Оның тәжірибесі бізге керек. Қазір демалып жатыр, онымен күнделікті байланыстамыз», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<