Кадрлық процесстер автаматтандырылады

56

0

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға тапсырма берді.

Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі озық елдер тәжірибесін және бизнес-процестерді ұйымдастырудағы корпоративтік сектордың озық тәжірибесін ескеруде.

Өткен жылдан бастап агенттік бірыңғай автоматтандырылған персоналды басқару қызметін құру жөніндегі жобаны іске қосты.

Жобаның мәні – «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс-қағаздарды тек қана онлайн режимге ауыстыру болып табылады.

Қағаз құжат айналымынан бас тарту, техникалық функцияларды автоматтандыру агенттіккеерсоналды басқару қызметін орталықтандыруға мүмкіндік берді.

Енді олардың негізгі миссиясы кадрларды стратегиялық HR-менеджментке сапалыжәне кезеңді көшу болып табылады. Болашақта еңбекақы төлеу жүйесіде сол жүйеге біріктіріледі. Қазір жобаға Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Астана, Шығыс Қазақстан әкімдіктері және Атырау облысының бір ауданының әкімдігі қосылды.

Бүгін агенттікте осы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жүйені енгізу бойынша өзара іс-қимыл механизмдері талқыланып, персоналды басқару қызметтерін күнде қайталанып істелінетін функциялардан босатудың маңыздылығы айтылды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз