Кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етілген

308

0

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Наурыздың 11-і күні мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айы басталады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Наиб мүфтиі Кенжәлі Қоңыратбайұлы кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етілгенін айтты, деп хабарлады Қазақпарат.

Спикер мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудан саяхатшылар, психикалық ауытқушылығы бар науқастар, қарттар, аурудан зардап шегетін адамдар, жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдер босатылатынын атап өтті.

«Адамдар егде жастағы немесе ауыр ауруға байланысты ораза ұстаудан босатылады. Бұл жағдайда төлем түрінде өтеу қарастырылған – підия, оның мөлшері биыл 3 400 теңге. Осы мөлшерде підияға ақы төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қайырымдылық көлемімен де беруге болады», – деп түсіндірді наиб мүфти.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» деп жариялады. Тиісінше, жұма уағыздары және түнгі дұғаларда айтылатын уағыздардың тақырыбы дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<