Көлік ішінен мәйіт табылды

209

0

 Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді. Бұдан бұрын Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<