Әкімдерге арналған оқыту семинары

261

0

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен кент, ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті атқарушы органдарының аймақта діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жалғасты.  

Жаңақорған ауданында өткен семинарда Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы келіп, кент, ауыл басшыларына дәріс оқыды. Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымдары мен қағидалары, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері және олармен күресу жолдары кеңінен түсіндірілді.

Ал, шиелілік әкімдерге орталық директорының орынбасары Аралбек Боранбаев пен Оңалту бөлімінің басшысы, дінтанушы Жеңісбек Дәрібаев жат ағым өкілдерімен жүргізілетін оңалту жұмыстары туралы айтып өтті. Аталған оқыту семинары алдағы уақытта өзге аудандарда да жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<