Қазіргі таңда Шиелі ауданында көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде. Егіс алқаптарында агротехникалық талаптар толық сақталып, қажетті ауыл шаруашылығы техникалары мен жұмыс күші жұмылдырылған.
2026 жылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің импортын азайту және тұрғындардың өз өнімдерін өндіруіне қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша 235 гектар картоп, 2545 гектар бақша дақылдары және 2250 гектар көкөніс дақылдарын егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінде диқандар көктемгі дала жұмыстарына белсенді кірісіп, егіс алқаптарында жүйелі жұмыстар атқаруда. Мамандар тарапынан егіс сапасына тұрақты бақылау жүргізіліп, өнім көлемін арттыру бағытындағы шаралар қолға алынған.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болып, жоспарлы түрде жалғасатын болады.






