Көпбалалы аналарға төсбелгі табысталды

229

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін Арал қаласының әкімі Ұзақов Батыржан Жансерікұлы көпбалалы аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 наурыздағы № 497 Жарлығы бойынша «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.

Қала әкімі Б.Ұзақов бала тәрбиелеп, қоғам дамуына зор үлес қосқан аналар еңбегі әрқайсымыз үшін үлгі-өнеге екендігін білдірді.

Батыр аналарды мәртебелі дәрежелерімен құттықтап, отбасыларына амандық тіледі. Өз кезегінде марапат иелері алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<