Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

497

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның» кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында өзекті екі мәселе қаралды.

Ең алдымен, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы директорының орыбасары Орынбасар Әділ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету барысына тоқталып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Динара Сарманова «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға көрсетілген медициналық қызмет туралы» баяндады.

Аталған мәселелер бойынша кеңес төрағасы жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстарды, оның ішінде, азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетумен қатар тегін медициналық көмекпен қамтылуын жүйелі түрде жалғастыруды жүктеді.

Жиын соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға қатысты жыл көлемінде туындайтын өзге де ұсыныс-пікірлер сараланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<