Күрес түрлерінен ел чемпионаты аяқталды

509

0

 Шымкентте күрес түрлерінен ел чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған жарыста еліміздің кіл мықты балуандары бақ сынады.
 Биылғы балуандар бәсекесі қызыққа толы болды. Жанкүйерлер күтпеген нәтиежелер де тіркелді. Халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген спортшылардың сүрінгенін де көрдік. Мұның барлығы балуандар арасында бәсекелестік артып келе жатқанының бір көрінісі. Жарыс жайлы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай Қазақстан күрес федерациясы сайтына өз пікірін білдіре кетті.
– Мені мықты балуандардың жеңілгені қуантады. Бұл ішкі бәсекелестіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Аға буынның орнын басар жастар барын аңғартады. Ел чемпионы атанған балуандардың халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашамыз. Әйткенмен жаттықтырушылар кеңесі де маңызды рөл атқарады, – деді Ерлан Қожасбай.
Айта кетейік, алда қазақ балуандарын екі бірдей байрақты бәсеке күтіп тұр. Оның бірі – Азия ойындары, екіншісі – әлем чемпионаты. Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтеді. Ал әлем чемпионаты 22-28 қазан аралығында Будапештте (Венгрия) болады.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<