Кәсіподақ: жаңғыру мен жаңару жолында

490

0

Сырдария ауданындағы № 35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде «Кәсіподақ: жаңғыру мен жаңару жолында» атты шара өтті.
10 маусым – Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған жиында тәжірибе алмасу, кәсіподақ ісіне жастарды тарту сынды мәселелер көтерілді. Алдымен, аудандық кәсіподақ ұйымының әдістемелік кабинеті ашылып, «Білгірлер бәйгесі» атты интелектуалды сайыс өткізілді. Сонан соң шараға қатысушылар «Рухани жаңғыру» кабинетінің жұмысымен танысып, «Жолдау жолымен – білім биігіне» атты аудандық кәсіподақ жастары үгіт-бригадасының шығармашылығын тамашалады.
Мерекелік шарада белсенділік танытқандарға кәсіподақтың құрмет грамотасы табысталды.

А.БЕК.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<