Мәжілісте ауылшаруашылығы саласына қатысты мәселелер талқыланды

193

0

Фото: Қазалы ауданы

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен ауылшаруашылығы саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.

Мәжілісте көктемгі егіс науқанының жүргізілу барысы, мал басын бірдейлендіру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару, жайылымдық жерге жүктеме түсірмеу үшін малдарды елді мекендерден тысқары жерге шығару сынды өзекті мәселелер қаралды.

Мәжілісте аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.

Биыл ауданымыз бойынша барлығы 17 377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, оның ішінде негізгі дақыл – күріш 6 200 гектар жерге егу жоспарланған. Бүгінгі таңда күріш егу жұмыстары 4388 гектарға егілсе, 3279 гектары суға бастырылған.

Аудан басшысы көктемгі егіс науқаны – күзгі орақтың алғашқы жауапты кезеңі болғандықтан, науқанға аса жауапкершілікпен қарап, тиісті жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар күріш егу жұмыстарын шұғыл түрде аяқтау қажеттігін ескертті. Ал егінді сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, суға қарыз серіктестіктердің қарызын өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу керектігін айтты.

Мәжілісте аудан әкімі ауыл әкімдеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мен елді мекендердегі жайылымдық жерлерге жүктеме түсірмеу үшін малдарды тысқары жерлерге шығару жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатқандығын айтып, бұл жұмыстарды да үйлестіруді тапсырды.

Сонымен қатар жауапты сала басшыларына аудан аумағындағы тұрғын үй құрылысына, кәсіпкерлік мақсатта және ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында берілген жер учаскелеріне талдау жұмыстарын жүргізіп, белгіленген мерзімде игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шұғыл жұмыс жасау жөнінде тапсырмалар берілді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<