Мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды

6

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде бұған дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Дидаров Абай Әнесұлы – Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Абай Әнесұлы – жоғары білімді, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе мұнай газ колледжінің жастар ісі жөніндегі жетекшісі болып бастаған. 2008-2010 жылдары «Кіші Абай» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық «Қазалы» газетінің операторы, 2010-2024 жылдар аралығында Әйтеке би кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурс өткізілместен, ауысу тәртібі арқылы Айымқұлов Жеңісбек Советұлы – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Жеңісбек Советұлы – жоғары білімді, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы аудандық «Қазалы» газетінде корректор болып бастаған. 2013-2019 жылдары аудандық «Қазалы» газетінде әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 2019-2023 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келді.

2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

Аудан әкімі жаңадан тағайындалған бөлім басшыларының жауапты қызметтеріне табыс тілеп, жүктелген міндеттерді нәтижелі атқару бағытында нақты тапсырмалар берді.

Мәжілістен кейін аудан басшысы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне арнайы барып, бөлімнің жаңа басшысы Абай Дидаровты ұжымға таныстырды.

Қазалы ауданы әкімдігі