Мамандар Союз МС-22 ғарыш кемесіндегі апат себебін атады

560

0

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) құрамына кіретін «Союз МС-22» ғарыш кемесіне қатысты жағдайды Роскосмос сараптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар хабарлағандай, 2022 жылғы 15 желтоқсанда ХҒС-та төтенше жағдай орын алды: ресейлік-американдық экипажбен Жерге оралуы тиіс «Союз МС-22» ғарыш кемесінің аспабының және құрастыру бөлігінің сыртқы қабығына зақым келгені анықталды.

Екі апта бойы мамандар кеменің зақымдануының ықтимал себептерін зерттеді. Себептердің бірі ретінде микрометеориттің соғуы деп аталды.

Төтенше жағдайдың себептерін анықтау, кеменің техникалық жағдайын талдау және одан әрі іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған екі жұмыс тобының қорытындылары тыңдалды.

«Кеменің жылуды басқару жүйесінің радиаторының істен шығуы сыртқы механикалық зақым салдарынан екені белгілі болды», – деп жазды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Комиссия, сондай-ақ жұмыс топтарының қорытындылары негізінде 2023 жылдың қаңтарында ХҒС ресейлік сегментінің жерүсті мамандары мен экипажының одан әрі іс-қимылдары туралы, станцияның ықтимал өзгеруі жайында ұйымдастырушылық шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<