Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

263

0

Мереке күндеріне байланысты Қазақстан халқы мамырда 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Атап айтқанда, сәуірдің соңында ел халқы бір сенбісін (28 сәуір) жұмысқа арнайды, ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, бұл ретте 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда адамдар жұмысқа шығып, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Яғни 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелердің тізімі: Жаңа жыл – 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз; Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр; Жеңіс күні – 9 мамыр; Астана күні – 6 шілде; ҚР Конституциясы күні – 30 тамыз; Тұңғыш Президент күні – 1 желтоқсан; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсан.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<