Мазмұны мәнді меморандум

418

0

Кеше Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Радыгина Вероника, осы университеттің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры, доцент Шеститко Ирина мен Минск қаласы, Мәскеу ауданы Әкімшілігінің Білім басқармасы басшысының орынбасары Геро Наталья және Минск қаласы жетекші мектептері директорларының делегациясы Сыр еліне арнайы жұмыс сапарымен келіп, қаламыздағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде барды.

Аталмыш білім ордасы теорияны тәжірибемен ұштастыру бағытында айрықша жұмыстар атқарып, оң нәтиже көрсетіп жүргені баршаға мәлім. Атап айтқанда, мектеп-лицей жанындағы жылыжай мен гидропоника тиімді жұмыс жасауда.

Делагация мүшелері «Жасыл мектеп» жобасын қолға алып, оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстап, көгалдандыруға, табиғатты сүюге баулып отырған, жылыжай ісін жандандырып, жас экологтар шоғыры қалыптасқан мектеп-лицейдің жарқын жұмыстарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында Беларуссия мемлекетінің Минск қаласы, Мәскеу ауданы Әкімшілігінің Білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім басқармасы өзара тәрбиелік және патриоттық бағытта білім беру мен экологиялық білім беру жұмыстарын жандандыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды.

Мұнымен қоса, Минкс қаласының мектептерімен Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі, Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейі, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы, «№ 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты», С.Лапин атындағы №261 мектебі, «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы, І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп лицейі, С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебі арасында халықаралық ынтамақтастық орнатылып, екі жақты меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<