Мейрамбек Шермағанбет: Әрбір берілген тапсырма өз мерзімінде әрі сапалы орындалуы тиіс

240

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Жиында алдымен аудан әкімі аппаратының басшысы Ринат Тілеп орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерімен таныстырып, кіріс-шығыс құжаттары, арыз-шағыммен жұмыс жасау, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, еңбек тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жағдайы және заң нормаларының орындалуы туралы жан-жақты айтып берді.

Аудан басшысы барлық тапсырмалар уақытылы және сапалы орындалуы керектігін, ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан, берілген тапсырмалардың орындалу мерзімдері кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапкершілікке тарту керектігін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта осы мәселелерге байланысты бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мұнан соң аппарат басшысы ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстары бойынша баяндап, Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан 7 аймақ бойынша кемшіліктерді атап өтті.

Хабарламашыны тыңдаған аудан басшысы тазалық мәселесі көңіл көншітпейтінін жеткізді.

– Тазалық мәселесі де күн тәртібінен түспейді. Слайдтан көргендеріңіздей, қаншама рет сенбілік ұйымдастырылса да тазалық мәселесі әлі де өз дәрежесінде емес. Тез арада Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округ әкімдері орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру қажет. Тазалық мәселесі мезгіл таңдамайды. Сол себептен, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, жұмысты жауапкершілікпен атқарыңыздар. Бұл ортақ іске аудандық полиция бөлімі Әйтеке би кенті әкімімен бірлесе отырып, аудан орталығындағы арнайы камералар арқылы белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған тұрғындарға айыппұл салу мәселесін қолға алу керек. Сондай-ақ учаскелік полиция қызметкерлері өз аулалары мен көшелерінде тазалық сақтамаған тұрғындарға тиісті шара көру жұмыстарын іске асыру керек, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар мәжіліс барысында суға түсу маусымы кезеңінде аудан аумағындағы барлық су айдындарында, өзен жағаларында суға түсуге белгіленбеген орындарда күнделікті кезекшілік ұйымдастыру жөнінде ауыл әкімдері мен жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<