Мекеме аумағына есірткі ұсталды

297

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағына сотталғандардың пайдалануы мен қолдануына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі азамат құрықталды.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Арам қулығын іске асырмақ болған азаматтарды жедел –тергеу тобы  тексеру барысында 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 10 дана»өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес» заты және  3 дана скотчпен оралған ұялы телефон тәркіленді.

Тәркіленген зат бойынша сот –медициналық сараптама жұмыстары тағайындалып, нәтижесінде салмағы 62,02 граммды құрайтын «келтірілген марихуана» екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<